Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жанар-жағармай мәселесіне қатысты мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүйелі өзгерістер әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Жүйелі өзгерістерде:
Біріншіден, еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының мерзімдерін нақтылау және регламенттеу көзделеді.
Екіншіден, елімізде мемлекеттік материалдық қор қалыптастыру, үшіншіден жанар-жағармайды бақылау қолға алынады.
Сонымен қатар, әр мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтың болуы қадағаланады. Жылдың соңына дейін нақты ұсыныстар енгіземіз», — деді ведоство басшысы.
Шынар Оразова