Жол сапасын тексеру барысында 2 мердігер мекемеге айыппұл салынды

69

Түркістан қаласында жол қауіпсіздігі сапасын тексеру жұмыстары жалғасуда. Кезекті күзгі тексеріс жұмысы Отырар тұрғын алқабындағы көшелерде өтті. Түркістан қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Арман Оспан ұйымдастырған шарада зақымдалған 90 көше анықталды.

Аталған мөлтек ауданда мердігер мекемелер ирригациялық гидрантты тәсілмен су шығару жұмысын істегенде зақым келтірген. Көшелердегі асфальт жабындысын бұзып жүйе жүргізген.

Рейдтік аралау жасаған Түркістан қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері аталған мердігер мекемелерге ұйғарым жазып, айыппұл салды.

Ұйғарым бойынша зақымдарды қалпына екі күнде қалпына келтіру тапсырылды.
Сонымен бірге мердігер мекемелерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 631 бабы 1 тармағына сәйкес, 10АЕК көлемінде айыппұл салынды.