Жүргізуші бірден үш көлікті соққан

155

Шымкен қаласы, Шәмші Қалдаяқов көшесінде «Жас Ұлан» мектеп-интернатының жанында SsangYong Tivoli көлігінің жүргізушісі бір мезетте үш көлікпен соқтығысқан. Олар екі ВАЗ-2114 көлігі және тұрақта тұрған Daewoo Nexia автокөлігі. Оқиға 24 қараша күні сағат 23:30-да орын алған. Бүгінде жүргізушілердің бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылыпты.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына қатысы бар азамат рөлді мас күйінде басқарған. Қазір арнайы сараптама тағайындалған. Егер расында алкаголь қабылдағаны анықталса, ер адам екі айға дейін қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылуы мүмкін.

Қазірде барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Мөлдір Ибадуллаева