№3 қалалық аурухана заманауи аппаратпен толықты

137

Шымкенттегі №3 қалалық ауруханасында Алматы және Қарағандыдан келген хирургтардың қатысуымен алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды.

Германиядан жаңадан әкелген «Карл Шторц» компаниясының аппараты адамның ішкі ағзасына тілік жасамай ота жасауға мүмкіндік береді. Алғашқы операция шымкенттік тұрғынның бірден 2 жеріне жасалды.

Науқас лапароскопиялық тәсіл арқылы грыжасы мен өтін алдыртқан. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы жақсы.

Алдағы уақытта ауруханада лапароскопиялық әдіспен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарланып отырған көрінеді.

Гүлдана Дәурен