Электр жарығына тариф өседі ме?

120

Келер жылы елімізде электр энергиясының тапшылығы болады.Мақталы қосалқы станциясы қайта жаңарды Жетіспеушілікті жабу үшін энергетика министрлігі тоқты сырттан сатып алмақ. Ол үшін арнайы аукцион жүргізіліп, арзан энергия көздері таңдалып алынбақ.

Өйткені тапшылық биыл сезіле бастады. Бұған биткоин өндірісіне көп энергияның жұмсалуы себеп. Тіпті министрлік майнингтік фермаларға тоқты шектеу керектігін айтқан. Оның үстіне стансалардың және желілердің әбден ескіруінен өндірілген электр энергияның 18 пайызы далаға кетіп жатыр. Сол үшін сарапшылар мәселені жүйелі түрде шешу керек дейді

Айтуларынша салаға мол инвестиция қажет. Немесе тарифті қымбаттатып, қосылған ақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қуатты көбейту қажет

Шынар Оразова