Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті

165

Бүгін, Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция отырысының жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясына қатыстым.

Сессия отырысына қала әкімі М.Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезектен тыс оныншы сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 3 мәселені талқылады.
Олар;

1. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы» 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

3. Шымкент қаласы мәслихаты хатшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия соңында қортынды сөз алған қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталды. Қала әкімі мәслихат депутаттарымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін 80-нен астам шешімдер қабылданғанын айта келе, депутаттардың жұмысына алғысын айтты. Алдағы уақытта жолдауда белгіленген 25 нақты міндетті, қаланың тұрақты дамуы үшін нақтыланған 10 Ұлттық жобаны жүзеге асыруда депутаттар корпусымен нәтижелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Төреайым Сұлтанова,

“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,

қалалық мәслихат депутаты