«АЯЛЫ АЛАҚАН» ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫМ

94
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаламызда күні бүгін «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды.
Орталық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ ішінен ашылып отыр. Онда тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі.
Мұнда ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі. Орталықта стационар жағдайда 40-қа жуық балаға дейін қызмет көрсетеді.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.