«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Жиынды партия төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов жүргізді. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б. Нарбекова, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М. Қоқанбаев және кеңес мүшелері қатысқан отырыста «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің 10-айда орындалуы бойынша кеңес төрағасының атқарған жұмыстары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков баяндама жасады. Оның сөзінше Жол картасында әлеуметтік қызмет көрсету саласына қатысты 14 іс-шара көрсетілген. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша оның 11-і орындалса, қалған 3 іс-шара бойынша жұмыстар атқарылуда.
Орндалған іс-шаралардың қатарында 4255 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін «Тең қоғам» оңалту орталығының ашылуы, көпбалалы және жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру орталығының іске қосылуы, аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы етіп жабдықтау шаралары бар.
Ал 600 жобаға 200 АЕК көлемінде гранттар ұсыну, 150 орындық «Оңалту орталығын» салу және пайдалануға беру бойынша ЖСҚ әзірлеу және 259 нысандағы пандустардың тиісті талаптарға сай болуын қамтамасыз ету бағытындағы шаалар жыл соңына дейін толық орындалатын болады.
Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Қуанышбеков өз сөзінде әлеуметтік қызметтің қарапайым халыққа барынша қолжетімді болуы партия назарында екенін айтты.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.