Алматылықтардың 98, 5 %-і сапалы ауыз сумен қамтылды

90

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы тұрғындарының 98,5 %-і сапалы ауыз сумен қамтылды.

Жауапты мекеме бұл межені 2025 жылдың соңына қарай 100 пайызға жеткізуді көздеп отыр. 60 жылдан аса жұмыс істеген көне сүзгі станциясы 2014 жылы ауыстырылған. Қазір орталық барынша автоматтандырылған тәсілмен жұмыс істейді.

Жұмысты қашықтан бақылауға да мүмкіндік бар. Негізгі су көзі қала өзендерінен және бұрғылау арқылы жер астынан жиналады. Шаһардың сумен жабдықтау жүйесі қазір мегаполисті тәулігіне 600-700 мың текше метр тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Ринат Асқарқожа, бас су тазарту құрылыстары аумағының инженері: «Су бізде екі түрлі сүзгіден өтеді. Екінші кезектегі су бекетінде керамзит қолданылады. Ал үшінші кезектегі су бекетінде кварц құмы қолданылады».

Шынар Оразова