Арыста ауыл шаруашылығы мен туризмді қатар дамытатын ерекше жоба қолға алынды. Биыл ғана жұмысын бастаған «Мубарак Агро» деп аталатын серіктестік бүгінгі таңда 400 бас қисары асыл тұқымды қой өсіріп отыр.
Одан бөлек, 30 бас жылқы бар. Атакәсіпті қайта жандандыруды мықтап қолға алған серіктестікке қазірдің өзінде 200 млн. теңге инвестиция тартылған.
Шаруа қожалығының төрағасы алдағы уақытта 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қожалық иесі бұл жерді демалыс орнына айналдыру үшін құс шаруашылығын дамытпақ.
Осы мақсатта ол қожалық аумағынан тауық, қырғауыл, тауыс , үйрек, қаз сынды 9 түрлі құс түрін өсіріп, сондай-ақ балық шаруашылығын қолға алуды көздеп отыр.
Әлихан Файзханов