Азық-түлік бағалары қатаң бақылауда

104

Алдағы мерекелерге орай, азық-түлік бағалары қатаң бақылауға алынып жатыр. Мәселен, Нұр-Сұлтан өаласында негізсіз қымбатшылыққа жол бермеу үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жүр.

Оның құрамына монополияға қарсы және тұтынушылардың құқығын қорғау мекемесінің қызметкерлері мен экономикалық тергеушілер кіреді. Олар тауар сөреге жеткенше баға қалай қосылғанын толық тексермек.

Қазір құнды негізсіз өсіру бойынша ондаған дерек анықталған. Оларға қандай шара қолданылатыны комиссия отырысында айтылмақ.

Шынар Оразова