«Азық-түлік бағасын қадағалайтын және болжайтын орталық қажет»

75

Депутаттық сауалға мардымды жауап ала алмадық. Осылай деген мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев премьер министрдің орынбасарына қайта сауал жолдады.

Халық қалаулысы елдегі азық-түлік бағасына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бағаны реттеудің қандай әдісі бар? Қалай етсек тауар құнын бірқалыпта ұстаймыз?

Азық-түлік бағасына жауапты мемлекеттік орган болу керек. Бұған дейін бұл мәселеге қатысты депуттаттық сауал жолдаған Ғалым Әміреев ведомствадан мардымды жауап ала ала мадық дейді. Сөзінше, әлі де азық-түлік құнын тұрақтандыруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылмай отыр.

Ғалым Әміреев, ҚР Параламенті мәжілісінің депутаты:
«Бағаға байланысты жағдай жылда дәл сол бір уақытта қайталанады әрі бұл проблеманың алдын алып, шешуге болады екен. Осыған байланысты, біздің ойымызша, бірден-бір шығу жолы ел ішінде де, шетелде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын болжау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады».

Халық қалаулысының айтуынша бүгінде жарты жыл немесе бір жылға арналған баға болжамы қажет. Сонда ғана біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тізгіндей аламыз дейді. Ал қазіргі таңда бұл шаруаны ешкім мойнына алғысы келмей отыр.

Ғалым Әміреев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты: «Біздің сауалымызға бірде-бір ведомство бағаны болжаумен айналыспайды деп жауап берді, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің, стратегиялық жоспарлау және реформалар, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктердің құрылымдарында азық-түлік бағаларын талдау мен болжаудың қолданыстағы жүйесі жоқ деген жауап берілді».

Бұл мәселені ескерген Нұротандықтар Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында агроөнеркәсіптік кешеннің болжамдық-талдамалық орталығын құру керек екенін жеткізді. Әрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына жауапты бір мемлекеттік органды айқындауды сұрады.

                                                                                 Мөлдір Ибадуллаева