Баласы дертке шалдыққан Шымкент тұрғыны қайырымды жандардан көмек сұрайды. Мақпал Алтынбекова перзентінің өмірін сақтап қалуы үшін бір апта ішінде 11 млн. теңге қаражат табуы керек. Өкінішке орай, қазір емге қажетті соманың тек 10 пайызы ғана жиналған. Қызының дертімен туғалы бері күресіп келе жатқан ана, ақша жиналған мезетте перзентіне өз бүйрегін беруге дайын отыр.
Алты жастағы Айару Айдарқызы туғалы бері ауыр дертпен арпалысып келеді. Бүлдіршінге созылмалы бүйрек ауруы диагнозы қойылған. Перзентінің дерті жанына батқан анасы, қызының жағдайы күннен күнге нашарлап жатқанын айтады.
Мақпал Алтынбекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Туылғалы бері ауырамыз «нефротический синдром» болып. 1 жылдан асты диализге түскенімізге. Диализде жүру өте қиын, енді бұған жүрек қосылып отыр. Кальций түсіп кетті, аяғы қисайып жатыр. Жүруі қиындады».
Айаруды емдеудің бір ғана мүмкіндігі бар. Ол бір аптадан кейін Туркия елінде жасалатын ота. Яғни, қыздың бүйрегін ауыстыру қажет. Бүгінде Айаруға сәйкес келетін донор табылған. Алайда бұл отбасыны, қаражат мәселесі қысып тұр. Және ол қаржыны осы бір аптаның ішінде дайындау қажет. Ал, жалғыз басты ана өзіне көмектесер жақынының жоқ екендігін айтады. Анасының сөзінше, Айарудың әкесі отбасын тастап кеткен. Сондықтан бауыр еті баласы үшін шырылдаған ананың ендігі бар үміті халықта.
Мақпал Алтынбекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Қазақ елінен көмек сұраймын 1 апта уақытымыз бар. Мен өзім қызыма анализдер бойынша сай келгеніммен тума ауру болғандықтан отказ беруі мүмкін. Сол үшін ол жақта мені бір донор күтіп отыр. Мен Түркиядан 1 апта күте тұруын сұрадым, ақша жинап алайын, күте тұрыңыз деп» 25 мың АҚШ доллары керек, теңгемен 11 млн. теңге».
Балалық шағын ауруханада өткізіп келе жатқан бүлдіршіннің талабы биік. Ол небәрі алты жаста болса да, болашақта дәрігер болуды армандайды. Сол арқылы, өзі секілді науқастарға көмектескісі келетінін айтады.
Айару Айдарқызы, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен дәрігер боламын, мектепке барғым келеді, биге барғым келеді, сурет саламын. Бүйрек салған соң мен бәрін жегім келіп тұр, бүйрек салғасын менде уш бүйрек, мамада бір бүйрек болады, сосын мама диета ұстайды».
Кішкентай бүлдіршін мен анасы бұл жағдайға бей-жай қарамайды деген үмітпен көпшіліктен көмек күтіп отыр. Ал Айаруға көмек қолын созатын қайырымды жандар болса, төменде көрсетілген реквизиттер арқылы аударымдар жасауға болады.
РЕКВИЗИТТЕР:
КАСПИ БАНК:
4400 4301 6167 3022, 8-747-120-58-89 — МАҚПАЛ АЛТЫНБЕКОВА
ХАЛЫҚ БАНК:
4390 8722 0552 8195 — МАҚПАЛ АЛТЫНБЕКОВА
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОН НОМЕРІ: 8-747-120-58-89 — МАКПАЛ АЛТЫНБЕКОВА