«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығын талқылау бойынша өткен жиынға қатыстым

100

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығын талқылау бойынша өткен жиынға қатыстым.
Отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, фракция жетекшісі Б.Тулегенов және фракция мүшелері, партияның қалалық филиалы жанынан құрылған өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов жеті тұғырда айтылған негізгі басымдықтар бойынша баяндама дайындап, Аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Сатқанбаев тақырып аясында жарыс сөзге шықты. Қорытынды сөзде мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндіру жұмыстарында кеңес мүшелері мен мәдениет пен білім саласының өкілдеріне белсенділік танытуды тапсырды.
Жиын соңында 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қатарымыз көбейіп, Елбасы бастаған нақты істер партиясы «Nur Otan»-ға мүше болуға өтініш білдірген азаматтарға партиялық билеттер табысталды.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.