Қазақ халқы, мемлекеттік мерейтойын 16 желтоқсан күні атап өтеді, биыл ерекше жыл! Себебі ел тәуелсіздігіне — 30 жыл толғалы отыр. Біз, осынау айтулы мереке қарсаңында, қаламызда осы уақыт аралығында орын алған өзгерістертер туралы айтуға шешім қабылдадық.
Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл! әрине, Бұл жәй қарапайым күн емес! Жаңа тарихтың қалыптасуы да оңай болған жоқ! Біз бүкіл әлемге өзіміздің мемлекеттік рәміздерімізді таныстырдық, қарулы күш құрдық, ұлттық валютаны енгіздік, Конституция қабылдадық және барлық ядролық қаруды жаңа Қазақстаннан шығардық!Дара жолымыз салынды. Экономикамыз тұрақтанып, медицинамыз дамыды. Білім мен ғылымға жол ашылып әлеуметіміз артты . Әлем бізді таныды. Біздің жастар әлемді таныды.
Елімізде халық саны және инфрақұрылымы жөнінен өзге қалалардан ерекшеленетін үш мегаполис бар, олардың бірі — Шымкент. 30 жыл ішінде мұнда да көп нәрсе өзгерді , шаһарымыз бірнеше есе өсті, әрине әліге дейін шешімін тауып жатқан мәселелер де бар. Осы тұста еске түсірейікші , қаламыз бұрын қандай еді ?
Бұл — ескі Шымкенттің бейнесі. Салыстырмалы түрде қарасақ, қазіргі таңда қала ешкім танымастай өзгерген! Шаһар көшелерінде орналасқан жайма базарлар мен қоқыстар, бүгінде саябақтар мен көркі көз тартарлық ғимараттарға алмасқан!
Мегаполисте екі рет әкім қызметінде болған Анарбек Орман да, өз уақытында қала ішіндегі көріксіз орындарды гүлдендіру басты мақсаты болғанын айтады. Бұл сөзіне дәлел ретінде қаланың көрікті орындарының бірі Шәмші Қалдаяқов саябағын атап өтті.
Анарбек Орман, «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС директоры:
«Құдай сақтасын, егер бірдеңе болса,Мүмкін өрт деген секілді, онда үлкен қайғылы жағдай орын алуы мүмкін еді. Бұл мәселені мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алдында көтердім. Әрине, ол да мені қолдады. Біз 1 жыл ішінде қауіп ошағын шығара алдық, Яғни жарылыс қаупі бар базарларды қаланың шетіне көшірдік. Мұда 57 базар болған. Содан кейін көптеген кәсіпкерлер түсіністік танытты ,әрине кейбіреулері бізбен келісе алмады. Міне, біз несие алдық, жұмыс істедік. Бұл кәсіпкерлердің 70% — ы түсінгендері үшін үлкен рахмет. Бізді қолдай отырып, олар өздерінің базарларын қаланың шетіне шығарды. Содан кейін біз көпшілікке базар салу үшін қаланың шетінде тегін жер телімін бердік. Әрине, 30% келіспеді. Содан кейін біз оларға павильон және құрылыс үшін өтемақы төледік.»
Қаламызда 30 жыл ішінде айтарлықтай өзгеріс болғанымен, әлі де мәселелер кездесіп жатады. Олар біртіндеп өз шешімін табуда. Осы уақыт аралығында бастан өткерген қиындықтарда жоқ емес, Айта кетсек, СПИД-тің өршуін, ірі өрттерді және бірқатар оқыс оқиғаларды бастан өткердік, дегенмен бір нәрсе өзгеріссіз қалады, ол біздің , өзіндік ерекше аурасы бар, тату да , қонақжай халық.
Шымкентте 30 жылда не өзгерді ?
«Өте керемет өзгерді. Әсем де заманауи қалыпқа енді. Келбетінің өзі өте әдемі.Маған жолдар, бақтар ұнайды. 40 жыл бұрын мұның бірі де болмағаған».
«Бәрі өзгерді , әсіресе Шөкеев әкім болған кезде, қаламыз көріктене түсті. Өзгеріс өте көп. Қуаныштымын әрине, ұрпағымыз осындай көрікті шаһарда өмір сүріп жатқанына, әліде көркейе түседі деген сенімдемін”
“Бірінші кезде жолдар мен табиғат, саябақтар өте әдемі. Сосын ғимараттар көз тартады. Бәріне рақмет”,-дейді қала тұрғындары.
Егер сіз әрі қарай бақытты өмір сүргіңіз келсе, онда міндетті түрде Шымкентте тұрғаныңыз жөн!
Бүгінде Шымкент-өзінің көркімен , қонақжай халқының арқасында, көпшіліктің назарын аударарлық үлкен мегаполиске айналды. Шаһарымыз шет елдердің инвесторларымен біріге жұмыс істеп, әсем қала келбетінің жаңа бөлігі салынуда. Сондай-ақ, біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының мәдени астанасына айналдық және алда жүзеге асуы тиіс көптеген жоспарлар да бар.
Аида Қарсыбайқызы