Кәсіпкерлікті дамытуға арналған заң қабылданды

100

Cенатта кәсіпкерлікті дамытуға арналған заң мақұлданды. Оған сәйкес, енді мемлекеттік органдар бизнесмендердің ісіне негізсіз араласпауы керек. Әрі бизнесті жүргізуге қатысты талаптар жеңілдетілмек.

Тіпті, кәсіпке кесірін тигізген мемлекеттік органдар заң алдында жауап бермек. Сондай-ақ, қағазбастылық қысқарады. Мәселен, кәсіпкер электронды түрде есеп бере алмаса, оны қағаз түрінде сұратуға тыйым салынды.

Десе де, бұл норма 2023 жылдан бастап күшіне енбек. Сенат төрағасының айтуынша, бұл кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, жұрттың табысын арттыруға мүмкіндік бермек

Шынар Оразова