Kaspi.kz мобильді ақша аударымына қатысты сұрақтарға жауап берді

144

Еске салайық, Парламентте Салық кодексіне бизнес үшін мобильді төлемдерді реттеу туралы өзгерістерді қабылдағаннан кейін, желіде көптеген жеке кәсіпкерлер, шағын дүкендердің иелері мен қызмет көрсетуші ЖК-лер 1 желтоқсаннан бастап мобильді аударымдарды қабылдаудан бас тартып жатыр деген хабарламалар жариялана бастады.

Kaspi.kz-тің ресми аккаунттарында Kaspi.kz қосымшасындағы мобильді төлемдерге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтардың жауаптары жарияланды.

͟1͟.͟ ͟М͟е͟н͟ ͟ж͟е͟к͟е͟ ͟т͟ұ͟л͟ғ͟а͟м͟ы͟н͟.͟ ͟М͟е͟н͟і͟ң͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟м͟ ͟т͟у͟р͟а͟л͟ы͟ ͟д͟е͟р͟е͟к͟т͟е͟р͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟ор͟г͟а͟н͟ы͟н͟а͟ ͟б͟е͟р͟і͟л͟е͟ ͟м͟е͟?͟

Жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр. 2025 жылға дейін ЖК емес және мемлекеттік қызметші емес жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

͟2͟.͟ ͟М͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟н͟а͟ ͟ш͟е͟к͟т͟е͟у͟ ͟қ͟о͟й͟ы͟л͟а͟ ͟м͟а͟ ͟н͟е͟м͟е͟с͟е͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟с͟а͟л͟ы͟н͟а͟ ͟м͟а͟?͟

Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болатыны көзделмеген.

͟3͟.͟ ͟Е͟г͟е͟р͟ ͟к͟ә͟с͟і͟п͟к͟е͟р͟ ͟к͟л͟и͟е͟н͟т͟т͟е͟р͟д͟е͟н͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟н͟ ͟а͟л͟а͟т͟ы͟н͟ ͟б͟о͟л͟с͟а͟,͟ ͟о͟л͟ ͟ү͟ш͟і͟н͟ ͟к͟ө͟т͟е͟р͟і͟ң͟к͟і͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟т͟ө͟л͟е͟у͟і͟ ͟к͟е͟р͟е͟к͟ ͟п͟е͟?͟

Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтың пайда болатыны көзделмеген.

Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды ҚР заңнамасына сай салық төлеу және фискалдық чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

4͟.͟ ͟М͟е͟н͟ ͟Ж͟К͟ ͟н͟е͟ ͟к͟о͟м͟п͟а͟н͟и͟я͟ ͟б͟а͟с͟ш͟ы͟с͟ы͟м͟ы͟н͟.͟ ͟М͟е͟н͟і͟ң͟ ͟м͟о͟б͟и͟л͟ь͟д͟і͟ ͟а͟қ͟ш͟а͟ ͟а͟у͟д͟а͟р͟ы͟м͟ы͟м͟

 ͟т͟у͟р͟а͟л͟ы͟ ͟д͟е͟р͟е͟к͟т͟е͟р͟ ͟с͟а͟л͟ы͟қ͟ ͟о͟р͟г͟а͟н͟ы͟н͟а͟ ͟б͟е͟р͟і͟л͟е͟ ͟м͟е͟?͟

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр.

5͟.͟ ͟Е͟н͟д͟е͟ш͟е͟ ͟б͟ұ͟л͟ ͟з͟а͟ң͟ ͟ж͟о͟б͟а͟с͟ы͟ ͟н͟е͟ ͟т͟у͟р͟а͟л͟ы͟?͟

Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес.

Мобильді төлемдер ұғымын және ЖК мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізу көзделіп отыр.

Мысалы, мұны тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR-дың көмегімен қазірдің өзінде жасауға болады.