Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстар қоғамдық кеңестің назарында

60

Жылдың басынан суррогатты өнімнің салдарынан Шымкенттің өзінде 240 адам көз жұмған. Сонымен қатар бюджет қаражатын заңсыз игеру, талан-таражға салу бойынша 36 қылмыстық іс дерегі анықталған.

Оның 4,2 млрд теңгесі өндіріліп, 1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынған. Бұл деректер қалалық қоғамдық кеңесінің отырысында жария етілді.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне енгізілген 5 мәселенің алғашқысы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің атқарған жұмысы. Есепті мерзімде департаменттің тергеу өндірісінде 250 қылмыстық іс қаралса, оның 192-і аяқталып, 152-і сотқа жолданыпты.
Бақтияр Жүзенов, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары: «Стоп обнал» жедел-профилактикалық шарасының нәтижесінде 75 қылмыс, соның ішінде ұйымдастқан 4 топ анықталды. Мысалы, ОПГ «Тикунова» ұйымдастқан қылмыстық тобының төлемеген салықтан мемлекетке 7,7 млрд теңге залал келген. Сот үкімімен ұйымдастырушысы 9 жылға, ал ОПГ мүшелері 7 және 6 жылға бас бостандығынан айрылды».

Мұнай-газдың заңсыз айналымы саласында 7 дерек анықталып, оның 4-і сотқа жолданған.Сот үкімімен 331 млн. теңгенің 3 жарым мың тонна мазут мұнай өнімі мемлекет есебіне өткізілген. Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында 9 жасырын цехтың жұмысы әшкереленген. Айта кетейік, суррогатты өнімнің салдарынан ағымдағы жылдың өзінде 240 адам қайтыс болыпты. Былтыр 200 ден аса адам көз жұмған.

Бақтияр Жүзенов, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары: «Департамент қала аумағында кеңінен жұмыс істеген «Квестра», В2В», Уорлд Бизнес Консалтинг секілді қаржылық пирамида ұйымдарының заңсыз жұмыстарына тоқсауыл қойылды.

Бұдан бөлек, департамент жалған ақша жасау, жалған шот-фактура жазу , кеден саласындағы қылмыстар: экономикалық контрабанда, кеден төлемдерін төлеуден жалтару , есірткі заттарының контрабандасын анықтау және тергеумен айналысып келеді.

Шынар Оразова