«Ладушкиге» — 20 жыл!

183

Осы қыста компания өзінің 20 жылдығын атап өтпек, ол күн сайын өз өнімдерімен сүйікті тұтынушыларына жағымды сәттер сыйлауда. Бұл кондитерлік өнімдер желісі үшін ғана емес, сонымен қатар оның серіктестері мен, бүгінде «Ладушкидің» тәттілерінсіз шай ішуді елестете алмайтын адамдар үшін айтулы күн.

Ең бастысы, биылғы жылы «Ладушки» барлығын өзінің жаңа ұсынысымен таң қалдырмақ. Яғни, көпшілікке , сақтау мерзімі ұзартылған «Ладушки» кондитерлік өнімдерімен ерекше қапталған сыйлықтар ұсынады.

Шымкент пен Түркістан қалаларының суреті бейнеленген бұл әдемі қораптарда, өзінің дәмділігімен ғана емес, әсем қала көрінісін есте қалдырарлық қасиетімен ерекшеленген — керемет өнімдер бар.

Светлана Лугина, «Ладушки» компаниялар тобының бас директоры: «Біз ұзақ уақыт бойы бұл идеяны ойлап жүрдік. Және басты мақсатымыз шымкенттіктерді қуанту. Және сізге өзіміздің дәмді өнімдерді ұсыну арқылы көңіліңізден шығу. Ал сіз бізге дәмді шыққанын айтып, эмоцияңызды шынай көрсетсеңіз соның өзі біз үшін үлкен бақыт. Ол сезімді дүкенде ғана емес, басқа жерде саяқаттап жүріпте білдіріп, бізді есіңізге ала аласыз. Сүйікті қонақтар мен тұтынушылардың көңілін табу үшін жаңа идеяны жүзеге асыра бастадық  және осындай кәдесый қорапшасын жасап шығардық. Және ыңғайлы пішінде , қонақтар өзімен алып кете алатындай етіп, тәтті күлшенің төрт түрін ойлап шығардық. Яғни бұл тұрғындарды өзіне тарта білетін біздің ең дәмді өнімнің бірі, чак-чак, онымен де мақтана аламыз. Осы тұста өнімдердің рецептін айтып өтсем, біз карамелденген жаңғақтарды көп пайдаланамыз. Бұл жерде, карамельденген бадам және грек жаңғағы сондай-ақ чак-чак бар. Ал егер кенеттен біреудің жаңғаққа аллергиясы бар болса, екінші түрін тұтына алады. Шын мәнінде жаңғақтың түрі екіге бөлінеді. Түсінгеніміздей, карамельденген күлшенің екі түрі, сондай-ақ, қуырылған жаңғақтардың да екі түрі бар өнімді осымен алып кетуге болады, және өзінің сақтау мерзімі де бар, шамамен 40 күн».

Айта кетейік, мұнда, мамандар айтқандай, форма да, мазмұн да ерекше үйлесім тапқан. Өйткені, әрбір себет мұқият жобаланған. Ал, оған қараған сәтте, нағыз білікті, шығармашылық ұжымның атсалысуымен құрылғаны бірден байқалады.

Светлана Лугина, «Ладушки» компаниялар тобының бас директоры «Қораптар 4 пішіннен тұрады. Және мұнда тамаша қала Түркістан туристік орталығының бейнесі бар. Шыныда біз туристерді таң қыларлық дүние жасап шығарғымыз келеді. Және біз, өз қаламызды мақтан тұтамыз, Түркістан да біз үшін ерекше, өйткені біз екі қаланы бөліп жара алмаймыз. Сондықтан біз екі қорапты Түркістанға және екі қорапты өзіміздің Шымкент қаласының тарихына арнадық. бұл қалалардың тарихын жазу үшін сұлулықтан басқа тарих бейнеленге фотосурет болуы керек. Қараңызшы, бұл 1866 жыл, бұның өзін 2 нұсқада жасадық, бірі классикалық, екіншісі бізге белгілі суретші Алиева Рашиданың салған ерекше суреті».

Бұл жәшіктер кондитерлік өнімдер желісінің 20 жылдық мерейтойына Ладушкиден жасалған сыйлықтар. Осы тұста, бұл фабриканың негізін қалаушы өткенге көз жүгіртіп, барлығы қалай басталғанын, 20 жыл бойы осы жолдың қаншалықты қиын болғанын еске алады.

Светлана Лугина, «Ладушки» компаниялар тобының бас директоры: «2001 жылы 6 желтоқсанда Тәуке хан көшесі қиылысында, Чернышевский көшесі 165 мекен-жайында аты жоқ шағын дүңгіршек ашылды. Кондитерлік цех сол атпен жарты жыл тұрды. Содан кейін барып «Ладушки» деп ат қойылды. Қысқа ғана яғни бар жоғы 24 адамнан тұратын шағын команда құрылды. Осылайша уақыт өтіп жатыр, 20 жыл деген тез ақ өтіп шықты. Алғашқы мерейтойымыз 10 жыл бұрын болды, қазір 20 жыл. Бұл менің екінші үлкен отбасым. Жанымның екінші жартысы, мақтан етемін. Және өзімнің ұжымымды өте қатты жақсы көремін»

Сіз бұл жерден өнімді жеке алар болсаңыз, мерекелік қорапты таба алмайсыз. Және ең бастысы, мұндағы заттардың барлығы дерлік қолмен оралған. Айтпақшы, мұнда әрбір үлгі мұқият тексеріледі.

Мақсат Омар, «Ладушки» компаниялар тобының техникалық директоры: «Қазіргі таңда көп бөлімді таза әрі табиғи заттарға арнап жатырмыз. Соның ішінде қазір Хаппи байдс, Сосын сусындардың барлығы балғын түрде. Сосын жаңадан қазір сыйлыққа арналған чак-чак шығарып жатырмыз. «Чак-чак» Ладушкиде ең тәтті өнім, яғни өзгелерден ерекше. Сол себепті осыны шығардық, алтын түстес етіп, оның ішінде жаңғақ пен миндаль бар».

Бұл фабриканың тағы бір жаңалығы — іс-шараларға арналған ең әдемі жиынтықтар. «Ладушки» кондитерлік тапсырыс үстелінің қызметкерлері пісірілген тағамдарды жай ғана дастарханды безендіру үшін ғана емес, арнайы себеттерге, халықтың көңілінен шығып, көздің жауын аларлықтай етіп жинақтайды.

Ал бұл жерде әзірленген кондитерлік өнімдерді, келушілер бір жегеннен -ақ, оның тіл үйірерлік дәміне ғашық болары сөзсіз

Гүлайым Бастырбасиева, Шымкент қаласының тұрғыны:  «Бұл жердегі барлық нәрсе ұнайды, ылғи осы жерден аламыз. Қазірде қыздармен қонаққа бара жатырмыз, бағасы да қол жетімді, жақсы бәрі».

«Ладушки» кондитерлік фабрикасы өзінің мерейтойы қарсаңында ерекше гүлденіп, өзгеруде. Бүгінде бұл жердің, сапалы өнімі лайықты сұранысқа ие болып, халық үшін сенімді өндіруші ретінде танылып үлгерді. Ең бастысы, бұл фабриканың мықты командасы бар! Яғни, компания қызметкерлері – өзінің таланты мен күш-жігерін ортақ іске жұмсайтын өз ісінің кәсіби маманы.

                                                                                  Аида Қарсыбайқызы