Майнинг саласы мемлекет қазынасына 5 миллиард теңге әкелуі мүмкін. Бұл болжам майнингтік компаниялар сағатына 1 килловатт электр энергиясы үшін 1 теңгеден төлесе орындалады. Ол үшін тиісті заң жобасы келер жылы бірінші қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Бұл туралы Kazakhstan Blockchain Day форумында Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов хабарлады.
Бүгінде майнинг жаңа бағыт болғандықтан салада қанша қаржы айналымда жүргенін айту қиын. Нақты статистика жоқ. Бірақ мамандардың пайымдауынша, елімізде майнингке шамамен 80 миллиард теңге инвестиция құйылған.
Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:ь»Біз қаржы саласында заңға өзгерістер енгізіп, майнинг компаниялардың 1 Кв/сағат үшін 1 теңге төлеуін өткіздік. Бұл өте керек заң. Өйткені, бұл Заң Қазақстанды дүние жүзіндегі осындай майнингтерге салық салатын ең бірінші мемлекет деп көрсетті».
Шынар Оразова