Мәжілісмендер жылды қорытындылады

99

ҚР Парламенті Мәжілісі ағымдағы жылды қорытындылады. Жыл басынан бері депутаттар 80 заң жобасын қараған. Олардың 39-ы мақұлданып, Сенатқа жіберілген. 25 заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: «Біз қабылдаған әрбір құжат – ең алдымен еліміздің экономикасын арттыруға, халықтың әлеуметтік жағдайын, соның ішінде өнеркәсіп, денсаулық, білім салаларын жақсартуға арналып келеді. Сонымен бірге, шағын және орта бизнес, экология мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Осының бәрі Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге бағытталып отыр».

Шынар Оразова