«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫМ

142

Тұрақты комиссия отырысында Исабеков Данабек Ержанұлы төрағалық етті. Тұрақты комиссияда депутаттар күн тәртібіндегі 5 мәселені талқылады.
Олар;
1. «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2. Шымкент қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
3. Шымкент қаласының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы
4. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы
5. Шымкент қаласы полиция департаментінің 2022 жылға арналған бюджеті туралы
Жиынға қалалық басқарма басшылары қатысты. Отырыста Шымкент қаласы полиция департаментінің бірінші орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Ерназарұлы Алтаевтың, Шымкент қаласы полиция департаментінің орынбасары полиция полковнигі Сырым Жүсіпахметұлы Абдуллаевтың, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Төлепбергенұы Архабаевтың баяндамалары тыңдалды.
Өз кезегінде депутаттар бір қатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселелерді шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына енгізуді ұсынды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!