ОҚПУ 85 жылдығына орай мерекелік іс шара өтті

127

«NUR OTAN” ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ РЕТІНДЕ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫМ

Кеше, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универсетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, университеттің 85 жылдығы мен «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің 25 жылдығына орай «Жаңғырған Қазығұрт» салтанатты мерейтойлық концерті өтті.

Салтанатты жиынды ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің құрамын мерейтойларымен құттықтады. Ансамбль негізін қалаған “Музыкалық білім” кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Облысқа сіңірген Ерен еңбегі үшін» медалінің, ОҚМПИ 80-жылдық» төсбелгісінің, Құрмет орденінің иегері – Тажибаева Улбосын Карынбекқызына ОҚМПУ-дің құрметті профессоры атағы берілді.
мәртебелі қонақтары танымал эстрада әншісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты Алтынай Жорабаева мен Түркия мемлекеті Малтепе Университетінің оқытушысы, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Жандарбай өнер көрсетті.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!