Орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

201

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады. 2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 99 726 теңгені құрады.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 триллион 696,4 миллиард теңге бағытталған;

2021 жылдың қарашасында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 миллиард теңге бағытталды.

2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мың адамды құрайды.

Шынар Оразова