Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған азамат 1 000 000 теңге иемденіп кеткен

86

Шымкентте өзін банк қызметкерімін деп таныстырған азамат қала тұрғынынның 1 000 000 теңгесін иемденіп кеткен. Белгілі болғандай, арызданушыға бейтаныс азамат хабарласып өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, 1 000 000 теңгесін алған.

Аталған жайт бойынша, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс-қозғалып, Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға өздерінің жеке басына қатысты мәліметтерді бермеуге кеңес береді.
                                                                                    Мөлдір Ибадуллаева