Жақын адамынан айырылу әр адамның өміріндегі қайғылы оқиға.
Жақындарына жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу үшін қайтыс болғаны туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Анықтаманы электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.
Ол үшін еGov.kz порталында ЭЦҚ арқылы авторизациялану қажет. Ары қарай «Отбасы» бөлімінде «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметін таңдайды. Қажетті деректерді толтырған соң, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Қайтыс болуды тіркеу туралы хабарлама 5-10 минут ішінде жеке кабинетке түседі.