ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҮШ КІТАПХАНАНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫМ

64

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте орталықтандырылған кітапханалар жүйесі нысандарын модернизациялау сәтті жүргізілуде. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, Шымкент қаласында тағы үш кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта жаңартылды. Солардың алғашқысы Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан №2 кітапхана. Аталған кітапхана қазақ вальсының каролі, атақты сазгер Ш.Қалдаяқов тұрған тұрғын үйде орын тепкен. Жаңарудан өткен кітапхананың ашылу іс-шарасына Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, мәслихат депуттаттары мен Ш.Қалдаяқовтың туған қарындасы Райхан Қалдаяқова қатысты.
Жиналғандар алдымен кітапхана алдында тұрған Ш.Қалдаяқовтың ескерткіш- бюстына гүл шоқтарын қойып, сазгердің рухына тағзым етті. Одан кейін қонақтар қайта жасақталған кітапхананы аралап, атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты.
Жаңарған кітапханада жаңа оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесі іске қосылған. Кітапхана тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар оқырмандар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып жүздесетін орынға айналған.
Модернизациядан өтіп, ел игілі үшін қайта пайдалануға берілген кітапхананы мұқият аралап шыққан халық қалаулылары ұжымға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ депутаттар қаладағы №2 балалар кітапханасы мен №5 орталықтанған кітапханалардағы жаңартылу жұмыстарына куә болды.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен биыл Шымкентте 10 кітапхананы жаңарту жоспарланған болатын.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!