Қызылорда облысында жеке компаниялардың қаражатын жалған құжат жасау арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып келгендер ұсталды.
Олар 2 миллиард теңгеге жуық қаржыны заңсыз айналымға шығарған. Осылайша, салықтан жалтарып, мемлекетке 500 миллион көлемінде залал келтірген.
Ал құйтырқы әрекетке барғандар қызметі үшін жалпы сомадан 4 пен 6 пайыз мөлшерінде сыйақы алып отырған. Күдікке ілінгендердің үйін тінту барысында жалған бухгалтерлік есептер мен құжаттар табылды.
Бұл іске қатысы бар бес адам ұсталып, қылмысы толық дәлелденді. Жалпы, жыл басынан бері осындай екі дерек әшкереленген.
Ардақ Биғалиев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысының орынбасары: «Биылғы жылы екі іс сотқа жолданып, сот үкімдері шығып отыр. Бес азамат қала көлеміндегі 62 заңды тұлғаларға қолма-қол ақшаларын айналдырып берген. Тергеу барысында 100 миллион теңге сомасы өндірілді».
Шынар Оразова