Елордада тағы бір компания қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінді.
Дәлірек айтқанда «Best Road Investment» серіктестігінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Компания салымшылардан ақша алып, олардың әрқайсысы кем дегенде тағы 3 салымшыны тартса, қаржыны 100 пайыз қайтарып береміз деп алдап келген. Қазір зардап шегушілер мен шығын көлемі анықталып жатыр.
Шынар Оразова