Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды

99

Қырғызстан келесі жылы қазақстандық өндірістен шыққан автокөліктерді сатып алады. Құжатқа Қазақстан премьері Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды.

Меморандум 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобусты және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізуді көздейді.

Шынар Оразова