Қазақстанда негізсіз баю туралы заң күшіне енеді

101

Елімізде негізсіз баю туралы заң күшіне енеді. Шығын табыстан асып түскен жағдайда қазақстандықтар ақшаның қайдан келгенін түсіндіруі керек.

Құжатқа сәйкес 5 жылдан кейін әр азамат қолдағы қаржысы туралы есеп береді. Ал шет елдер азаматтарымыздың ақшасы жөнінде ақпаратты ұсынады. Бұл жағдай қаржыны сыртқа жасырудың жолын кеседі. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.