Еліміз Ауғанстанға ұн экспортын жалғастырып қана қоймай, арттыратын болды. Кабулде келіссөздер жүргізген Сауда және интеграция министрінің айтуынша қос тарап алыс-берісті жандандыруға мүдделі.
Қазақстан азық-түлік, мұнай,-химия, металлургия, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау, ағаш өңдеу салалары бойынша құны 360 миллион долларға жететін 45 тауар экспорттайды. Ал еліміз Ауғанстаннан жеміс-жидек сатып алуға әзір.
Айта кетейік, Қазақстан ұнының жартысынан астамы және бидайдың 10 пайызы ауған базарына бағытталған. Десе де, биыл сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға азайып отыр. Енді азық-түлік жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылып, көрсеткішті қайта арттыру көзделген.
Шынар Оразова