Елімізде өткен тәулікте 477 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 9-ы Шымкентте , үшеуі Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 588-ге жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 7 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 23 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 18 685 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 2 947 пациент стационарға жатқызылған. Ал, 15 738-і амбулаториялық деңгейде емделуде.
Сала жауаптыларының айтуынша, 262 адамның жағдайы ауыр, ал 73 пациенттің халі өте ауыр. 62 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 923 124 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 415 877 адам салдырды. Ал Шымкентте 591 072 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 566 019-ы алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 037 697, II компонентін 1 019 720 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ, еліміздің 14 өңірі жасыл аймақта. Ал 3 өңір сары белдеуде орналасқан. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар және СҚО.
Мөлдір Ибадуллаева