Қоғамдық орында масаң күйде жүрген 20 азамат жауапкершілікке тартылды

60

Шымкенттік полицейлер қоғамдық орында алкогольдік ішімдіп ішіп жүрген 20 құқықбұзушыны анықтады.

Қалалық Полиция департаменті ағымдағы жылы желтоқсан айының 20-25 күндері аралығында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 20 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттты.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүргендігі үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Мөлдір Ибадуллаева