Салық саласындағы жаңашылдықтар

61

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VII ЗРК Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістері

«Салық төлеушінің төлқұжатын» енгізу

Салық кодексін 1-бабын 57-1) тармақшамен және 75-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және басқаларды ақпараттандыру үшін салық органдары қалыптастырған салық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтерге ашық қол жетімділікті ұсыну мақсатында енгізілген.
Салық төлеушінің төлқұжаты қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілермен бақылау-касса машиналары орналастырылған және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерде орналастырылады.

«Салықтық мобильді қосымша» ұғымын енгізу
Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 63) тармақшасымен, 73-бабы 5-тармағының 5) тармақшасымен, 115-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салықтық мобильдік қосымша» ұғымы енгізілді, ол арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің бар сомасы туралы мәліметтер берілетін, сондай-ақ салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламалар тапсырылатын болады.

Екінші деңгейдегі банктердің міндеттерін кеңейту
Салық кодексінің 24-бабы 19) және 21) тармақшаларымен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін мәліметтерді беру бөлігінде қосымша:
мобильді төлемдер арқылы ағымдағы шотқа түскен күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары бойынша;

ай сайын жекелеген арнайы салық режимдерін қолданатын және осындай мәліметтер бойынша банктік құпияны ашуға келісім бере отырып, «е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланатын ДК банктік шотына келіп түскен қорытынды сомалар бойынша міндеттер енгізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осындай мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы бұйрықты әзірлеуде.

Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасымен толықтыру («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабымен осы норманы қолданысқа кезең-кезеңімен енгізу көзделген)

Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін мәліметтерді беру бөлігінде қосымша міндеттер енгізілді:
дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар бойынша белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша жүргізіледі.

Салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
Салық кодексінің 51-бабының 1-тармағына өзгерту енгізу (2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Түзетулер салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша бір жылдан астам мерзімге бөліп төлеуді салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге салып және (немесе) банк кепілдігімен ғана ұсынуды көздейді.
Салық кодексінің 52-бабы 2) тармақшасын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы бола алмайтын ережелермен толықтыру.

Көрсетілген түзетулерді іске асыру мақсатында Министрлік «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 шілдедегі №665 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дайындауда.

ҚҚС төлеушілердің қызметтерін тоқтату тәртібін оңайлату
Салық кодексінің 59 бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 66-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына өзгертулер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салықтық есептіліктің деректеріне сәйкес талап қою мерзімі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген ҚҚС төлеушілерге таратылудың жеңілдетілген тәртібін қолдану көзделген.

Бақылау-касса машиналарын қолдану
Салық кодексінің 165-бабын 1) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Ақшалай есеп айырысулар» ұғымына, оның ішінде мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар да енгізіледі.
Мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолдану мақсатында.

«Мобильді төлемдер» ұғымы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41-1) тармақшасымен енгізілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабы кәсіпкерлік субъектілері үшін тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалану міндетін көздейтін 3-1) тармақшамен толықтырылады.

Салықтық бақылаудың өзге де нысандары
Салық кодексінің 69-бабының 4-тармағын 8) тармақшамен және 176-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тауарлар айналымының қадағалануы» мемлекеттік бақылаудың жаңа өзге нысаны енгізілуде. Бұл норманы енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге 2019 жылғы 29 мамырда қол қоюға байланысты.

Тауарлар айналымының қадағалануы сынауға жататын тауарлардың есебін ұйымдастыруды, Ұлттық қадағалау жүйелерін пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды көздейді. Ұлттық қадағалау жүйесі ЭШФ АЖ болып табылады. Салық төлеушілер үшін электрондық құжаттар түрінде ілеспе құжаттарды ресімдеу бойынша міндеттер көзделеді.
Салықтық есептілікті ұсыну

Салық кодексінің 208-бабы 9-тармағын жаңа абзацпен толықтыру (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер салық агентінің бейрезиденттің табысының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігін ұсынбау құқығын көздейді.

ҚҚС есепке алу әдісінің қолданылу мерзімін ұзарту
Салық кодексінің 427 және 428-баптарына, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4) тармақшасына өзг

ерістер енгізу (2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулерде Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар тізбесінен, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін пестицидтерді, асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтарды, тірі ірі қара малды алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өндіріс құралдары бойынша есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту көзделінген.

ЕТЖ-ны АЕК-ке ауыстыру

Салық кодексінің 484-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына (СК 345, 346, 360-баптары) өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық салынатын кірісті айқындау мақсаты үшін көрсеткіштерді ең төменгі жалақы мөлшерін айлық есептік көрсеткіш баламасына ауыстыру.
Көлік құралдарына салынатын салық

Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларына өзгерістер енгізу (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қолданыстағы салық заңнамасы салық салу мақсатында шағын вагондарды қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатын автомобильдер ретінде қарастырады.

Пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында шағын көлемді фургондарды жүк көтерімділігіне байланысты салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу көзделген.

Ең жоғары рұқсат етілген массасы 3 500 килограмнан кем «B» санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ставкалар бойынша салықты есептеу жүргізілетін жүк автомобильдеріне жатқызылатын болады.

Мүлік салығы

Салық кодексінің 529-бабының 3-тармағына өзгерту енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсатта пайдаланылатын қоймаларға Салық кодексінің 531-бабына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мүлік салығы үшін айқындайтын құнына қарай ұқсас тұрғын үйлерге ставкалар бойынша (прогрессивтік шкала) салық салуды көздейді.

Осындай қоймаларға ие жеке тұлғаларда СЕН 700.00 ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша бағалау құнын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ беретін болады, мүлік салығын есептеу мен есептеуді комитет осындай құн негізінде жүргізетін болады.

Сондай-ақ, бұл түзету тұрақ орнына салық салу тәртібін нақтылайды.
Салық кодексінің 528-бабының 1) тармақшасын толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрақ орындарының мүлкіне салық салу объектісі деп тану бөлігінде нақтылайтын түзету.

Алымдар, төлемдер, мемлекеттік баждар
Салық кодексінің 552-бабының 1-тармағына өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қолданыстағы норманы жергілікті атқарушы орган және алым төлеушілер құжаттарын беретін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толықтырды.
АСР және БЖТ
Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде қызмет түрлерін шектеу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Салық кодексінің 683-бабы қызмет түрлерінің тізбесімен толықтырылған (маркетингтік қызметтер, сауда базарын жалға алу және пайдалану, кәсіпкерлік қызметте (тұрғын үйлерді қоспағанда) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сауда объектілерін (сауда базарларын) қосалқы жалға беру және осындай жалға алынған объектілерді басқару, бір қонақ үйдің немесе осындай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған ғимараттың аумағында қонақ үй қызметін көрсету саласында екі немесе одан да көп салықтөлеушінің қызметі), оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін (АСР) қолдануға құқығы жоқ.

Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін АСР-дан алып тастау ҚҚС ретінде есепке қоюды болдырмау және тиісінше осы салық бойынша салық міндеттемелерінің туындауын, сондай-ақ кейіннен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажеттілігімен АСР қолдану үшін белгіленген табыстың шекті мөлшерінен асып кетуін болдырмау үшін жүргізілетін бизнесті бөлшектеу жолымен (оның ішінде қосалқы жалдау тетігін пайдалана отырып) салықтық оңтайландыру схемаларын алып тастау мақсатында енгізілді.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер жүзеге асыратын қызмет түрлерін шектеу
Салық кодексінің 774-бабының 3) тармақшасына толықтырулар енгізу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетуде АСР-ге ұқсас БЖТ төлеу шеңберінде қызметті жүзеге асыру бойынша шектеулер енгізу көзделген.

Осылайша консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет, сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі, құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар, агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін тұлғалар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖТ төлеушілер болып танылуға құқылы емес.

Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР қолданатын адамдарды 3 жылға салықтарды төлеуден босатуды тарату

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-4-бабына толықтыру енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Көрсетілген баптың ережелері шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданатын субъектілерге таралатындықтан, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР енгізілетінін ескере отырып, 57-4-бапқа қосымша жаңа АСР қолданатын тұлғаларға да 3 жылға салық төлеуден босатуды тарату көзделеді.