Сессия алдындағы бірлескен мәжіліске қатыстым

79

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының кезекті он екінші сессияға ұсынылған мәселелері бойынша бірлескен мәжілісі болып өтті.

Б.Нарымбетов төрағалық еткен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі 13 мәселені талқылады.

Олар;
1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
2. Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы.
3. «Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №73/681-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне толықтыру енгізу туралы.
5. Шымкент қаласының 2025 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

6. «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы.
8. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларына жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы.
10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2019 жылдың 28 сәуірдегі №48/402-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясын құру туралы.

12. Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
13. Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы.
Жиында баяндамашылар сөз алып, бір қатар депутаттық сауалдарға жауаптар алынды. Естеріңізге сала кетейік, күн тәртібіне қойылған мәселердің шешімі 13 желтоқсан 2021 жылы сағат 17:00 –де жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессияда қаралатын болады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!