Шағын несие алушылар күрт көбейген

97

Елімізде шағын несие алушылар күрт көбейген. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл мұндай қаржы ұйымдарының жеке тұлғаларға берген берешегі бірден 44 пайызға артқан. Ал несие портфелі бір триллион 300 миллиардқа жетіп отыр.

Бұған дейін президент мұндай ұйымдардың пайызын азайтуды тапсырған еді. Өйткені, олардың өзі ақшаны банктен несиеге алып, жұртқа одан көп мөлшерлемемен таратып отыр. Яғни, делдал секілді. Енді микроқаржы ұйымдарының пайызын азайту үшін оларды арзан несиемен қамту көзделген.

Шынар Оразова