Шымкент: 2025 жылға дейін 101 мектеп бой көтермек

121

Республикада салынатын мың мектептің 101-і Шымкент қаласында бой көтермек. Бұл жөнінде, қала әкімі -Мұрат Әйтенов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы 30 дан астам білім ордасына құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 11 764 орындық 25 мектеп тұрғындар игілігіне табысталған.

Нәтижесінде мегаполистегі апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген көрінеді. Сонымен қатар, 2025 жылы қалада үш ауысымды және мектебі жоқ шағынаудандар мәселесі де толығымен өз шешімін табатындығын атап өтті.

Айта кетейік, шаһарымызда қазіргі таңда заманауи 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы басталған. Сондай-ақ, жергілікті спорт инфрақұрлымын дамыту мақсатында, үлкен 3 нысанның жобасы жоспарға енген.

                                                                                      Аида Қарсыбайқызы