Шымкент: Алаяқтық жолмен ақша алғандар ұсталды

38

Шымкентте қайырымдылық қорын ашамыз деп, тұрғынның 90.000 теңге қаражатын алып, алдап кеткен үш азамат анықталды.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызында жазғаны бойынша үйіне бейтаныс үш азамат келіп, қайырымдылық қорын ашып жатқанын және қорға шет елден қомақты ақша түсетінін жазып, өзіне көмек көрсететінін айтып сендіргенін көрсеткен.

Сондай-ақ, қорды ашуға ақша жетпей жатыр деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 90.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазған.

Аталған жайт бойынша, Қаратау полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті үш азамат анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында азаматтардың бірі Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды.

                                                                                            Жанерке Хумар