Шымкенттік дәрігерлер біліктілігін арттыруда. Осы мақсатта Беларусиядан келген білікті акушер, гинеколог пен неонотолог дәрігерлер жергілікті мамандарға шеберлік сабақтарын жүргізді.
Оқыту жұмысының мақсаты — жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттыру. Беларусь медициналық дипломнан кейінгі білім академиясының неонатология кафедрасының меңгерушісі Юрий Устинович пен акушерия және гинекология кафедрасының доценті Елена Грудницкая жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету әдістері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, сабақ аясында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде тәжірибелік дағдылар да көрсетілді.
Гүлдана Дәурен