Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 8,9 млрд.теңге бөлінген. Бүгінде бағдарлама шеңберінде 7,8 млрд. теңгеге 1946 жобаға қолдау көрсетіліп отыр
Сондай-ақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд. теңгеге 70 жоба қаржыландырылған.
Онымен қоса, Шымкентте «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы құрылған. Қазіргі таңда аталған фронт-кеңсе қызметіне 34 мыңнан астам азамат жүгініп отыр.
Гүлдана Дәурен