Шымкент қалалық мәслихатының он екінші сессиясына қатыстым

96

 

Сессия отырысына қала әкімі М.Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті он екінші сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 13 мәселені талқылады.
Олар;

1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
2. Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасының орындалу барысы туралы.
3. «Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту бағдарламасын бекіту туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №73/681-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне толықтыру енгізу туралы.
5. Шымкент қаласының 2025 жылға дейін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
6. «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы.
8. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларына жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы.
10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» 2019 жылдың 28 сәуірдегі №48/402-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясын құру туралы.
12. Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
13. Шымкент қаласы мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы.
Сессия соңында қортынды сөз алған қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қала халқын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, өңіріміздің өркендеуіне елеулі үлес қосқан түрлі сала мамандарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығы мерекесіне орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша мерекелік медалімен, Салалық Министірліктермен және Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!