Шымкент қалалық полиция департаменті тәуліктік жалға берілетін пәтерлер бойынша кезекті рет рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Бұл жолы 8-шағынаудан аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлері тексерліп, үй иелеріне тиісті шаралар қолданылды. Сонымен қатар, рейдтік іс-шара барысында 50 азамат учаскелік полиция пунктіне жеткiзiлiп, олардан саусақ iздерi алынып, бет-әлпеті фотоға түсірілді.
Абай ауданы бойынша учаскелік полиция инспекторлары бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырып, аумақты ұдайы бақылауда ұстаймыз дейді.
Мөлдір Ибадуллаева