Шымкент: Түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 7 жасөспірім анықталды

79

Шымкенттік полицейлер түнгі рейд барысында заңды өкілінсіз жүрген 7 жасөспірімді анықтады. Ағымдағы жылдың 22-желтоқсанында ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары аудан аумағында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Нәтижесінде түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген 7 жасөспірім анықталды. Бүгінде олардың ата-аналарына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша, яғни кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғанына байланысты хаттама толтырылды.

                                                                                Мөлдір Ибадуллаева