Үшінші мегаполиста 50 автобус қолданысқа берілді. 5 маршрутқа бөлінген су жаңа қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тасымалдауға кірісті. Оның үшеуі жаңа бағыттағы автобустар.
Сондай-ақ халықтың сұранысына сай қызмет көрсетудеміз деген транспорт басқармасы жыл соңына дейін автобус тапшылығын толығымен шешеміз деп отыр.
Шымкентте енді «автобус жоқ» деген айқай-шу болмайды. Себебі мегаполисте жыл соңына дейін автобус тапшылығы 100 пайыз шешіледі. Осылай деген қалалық транспорт басқармасы мегаполис, қоғамдық көліктің жаңартылуы бойынша республикада алдыңғы қатарда екенін айтады. Желтоқсан айының соңына дейін тағы 240 автобус қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен халықты толғандырған көлік тапшылық мәселесі толығымен шешіледі дейді.
Мұқтар Қоқанбаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшы орынбасары: 240 автобусты желтоқсан айында іске қосамыз. Ол бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Маршруттарын белгілеп, осы желтоқсан айында жүреді.
-Осы автобустың барлығы жүрсе, қаладағы автобус тапшылығы қанша пайыз шешіледі деп айта аласыз?
-240-тың барлығы жүрсе толық шешіледі деп айта аламын. 100 пайыз.
-Демек мүлде тапшылық болмайды ғой, иә?»
-Иә, мүлде болмайды».
Ал автопаркті аралалап шыққан мегаполис әкімі болса бұл пікірмен келіспейтін көрінеді. Мұрат Әйтенов алдағы уақытта қалада кеңес одағы кезіндегідей 20 метрден асатын автобустар қатынайтынын хабарлады. Халық игілігіне қызмет көрсететін бұл қоғамдық көліктер мегаполистегі орталық көшелерге қойылады екен. Сондай-ақ болашақта трамвай мен троллейбус та жүруі ықтимал.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Дегенмен болашақта бізге альтернативті қоғамдық көліктер керек. Тек автобус халықты алып кете алмайды. Қала тұрғындары көбейіп жатыр. Жыл сайын өсіп жатыр. Сол үшін бізге ұзын-ұзын трамвай ба, троллейбус па керек. Біз қазір оны зерттеп жатырмыз. Санап жатырмыз. Қашан екені белгісіз, бірақ болашақта ол жүйе болады»
Күні кеше «Радуга» ЖШС-не тиісілі 50 автобус қолданысқа берілді. 5 маршрутқа бөлінген су жаңа қоғамдық көліктер халықтың сұранысына сай беріліпті. Оның үшеуі жаңа бағытта қатынайды.
Нұрлыбек Тілепбаев, «Радуга» ЖШС-нің өкілі: «Одан бөлек біздің автопарктің өзінде сол жпске қарайтын қарайтын бөлімшеміз бар. Ол жерде барлық монитор, компьютермен жабдықталған. Қандай жылдамдық артып жатыр. Тоқтамай қалатын болса. Бұл жерде программаны жасап қойған. Лезде сигнал береді».
Айта кетейік, қоғамдық көлік қызметіне көңілі толмайтын кез-келген тұрғын жауапты мекемелердің әлеуметтік парақшалары арқылы өз шағымдарын қалдыра алады.
Мөлдір Ибадуллаева