Шымкентте карантин талабын елемегендер 183 млн. теңге айыппұл арқалаған

220
фото егемен.кз

Шымкентте эпидахуал тұрақты. Дегенмен әлі де босаңсуға болмайды. Осылай деген сала жауаптылары баспасөз брифингін өткізді. Айтуыларынша, қала «жасыл» белдеуде болғанымен, әлі де карантин талаптары сақталуы тиіс. Әрі вирустың жаңа штамы көршілес мемлекетттерде анықталғандықтан шектеуге аса назар аудару қажет дейді.

Шымкентте жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамаған нысандарға салынған айыппұл соммасы 183 551 410 теңгеге жетті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент мамандарының айтуынша шымкенттіктер әлі де шектеуге аса мән бермейді. Той-жиынға рұқсат етілгенін естіген жұрт тіпті қарапайым ережелерді де сақтамай жатыр дейді.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшының орынбасары: “Отбасылық мерекелік іс-шаралар, құдалық, той деген сияқты. Мұндай шараларға рұқсат етілген. Қоғамдық тамақтану орындары мен банкет залдарына және тойханаларға. Бірақ міндетті түрде бұл жерде сол нысанның қызметкерлері мен келетін қонақтардың барлығы жасыл мәртебесі болу керек. Сол талап сақталған жағдайда 100 адамға дейін ғана рұқсат етіледі. Одан асып кетсе, талапты бұзған болып саналады”.

Мұндай салғырттық салдарынан кез-келген уақытта вирус өршуі ықтимал. Баспасөз брифингін өткізген мамандар осылай деп дабыл қағуда. Әсіресі аурушаңдық стастистикасының жоғарылауына желтоқсан айындағы мерекелер тікелей әсер етуі мүмкін. Сондықтан қала тұрғындарын үйде болуға шақырды.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: “Біз денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы тиісті жұмыстарды тоқтатпай отырмыз. Себебі, вирус кез-келген уақытта өршіп кетуі мүмкін. Қазіргі таңда Америка мен көршілес Ресей федерациясында омикрон штамы жайрап жатқаны барлығына белгілі. Сондықтан барлық қала тұрғындарын босаңсымауға және алаңдатушылық индексін төмендетуге шақырамын”.

Тәжвирустан толық құтылудың бір ғана жолы-ол індетке қарсы екпе қабылдау. Бүгінде Шымкенттіктердің 98,5 пайызы вакцинацияланған. Ендігі кезек ревакцинацияда. Ақ халаттылардың айтуынша бұл ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, қайта антидот қабылдаудың да өзіндік шарттары бар екен.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшының орынбасары: “Егер тұрғындар 5 вакцинаның біреуін алған болса, екінші компонентін салдырғаннан кейін 6 айдан кейін вакцинаның басқа түрін алу керек. Әрине, бірінші алған вакцина түрін екінші рет салдыруға рұқсат бар. Дегенмен адам денесіндегі антиденелерді толықтыру үшін басқа түрін салдырған дұрыс”.

Айта кетейік, бүгінде індетке қарсы антидотдың 1 ші компонентін салдырған шымкенттіктер саны 588 680 болса, 554 080 екпенің азамат екінші компонентін қабылдап үлгерген.

Мөлдір Ибадуллаева