ШЫМКЕНТТЕ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАРҚЫНЫН ДАМЫТУ АЯСЫНДАҒЫ ЖИЫНҒА ҚАТЫСТЫМ

81
Бүгін қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасының бастығы Балмаржан Нарбекованың ұйытқы болуымен Шымкент қаласынан жұмыс күші тапшы СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарына қоныс аудару мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті..
Жиынға Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер, қала тұрғындары және Zoom арқылы жұмыс күші тапшы облыстардың Жұмыспен қамту басқармалары мен аудандарының жұмыспен қамту бөлімдерінің жетекшілері мен қатысты..
СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстарының жауапты мамандары қай өңірде қандай маман иелері тапшы екенін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жиында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек күші артық өңірден Солтүстікке ерікті қоныс аудару тиімділігі түсіндірілді..
Аталған бағдарламаның мақсаты – оңтүстіктен қоныс аударушыларды жұмыспен қамту. Өңір өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда солтүстік өңірде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер, техникалық мамандық иелері сұранысқа ие.
Жұмыспен қамту Басқармасы жүргізген үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарының арқасында биыл солтүстікке қоныс аударуға Шымкент қаласы тұрғындарының қызығушылығы айтарлықтай артып отырғаны байқалады.
Қыстың қарсаңында осындай қызығушылық болса, көктемге қарай олардың саны әлдеқайда артатынын болжау қиын емес.
Сондықтан осы бастан аталған Басқарманың штаттық кестесіне өзгерістер енгізіп, қызметкерлердің санын көбейту керек.
Естеріңізге сала кетсек, жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару – мемлекет жүргізіп отырған ең ұтымды бағдарламалардың бірі.
2016-2019 жылдары аралығында Солтүстік өңірге жалпы 854 отбасы (2645 адам) көшкен. Ал, биылғы жылдың басынан бері жылы 52 отбасы (227 адам) бағдарлама аясында қоныс аударып, қазіргі уақытта өз шаруашылығымен айналысып, жұмыспен де қамтылып отыр.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.