Шымкентте құрал-саймандарды ұрлап кеткен азамат анықталды. Сала жауаптыларының айтуынша, белгісіз тұлға құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың ауласында тұрған, құны 298.000 теңгені тұратын, құрылыс саймандарын қолды еткен.
Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған тұрғынның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.