Шымкенттегі көпбалалы отбасы қолдауды қажет етеді

136

Шымкенттегі көпбалалы отбасы қайғылы оқиғаға тап болды. Қарашада  Еникеевтер бес жыл бойы салған баспаналарынан айырылды. Үйлерінің басым бөлігі өртеніп, тұруға жарамай қалған. Өрттен кейін әкімдіктегілер зардап шеккен отбасын жатақханаға орналастырған екен. Алайда айтуларынша ғимаратта жылу жоқ, салдарынан отбасы мүшелері суықтап, шетінен ауырып жатқан көрінеді.

«Біздің бір ғана тілегіміз жылы әрі жайлы пәтерде тұру» дейді көпабалалы отбасы.  Еникеевтер  ағымдағы жылдың қараша айында тұрып жатқан үйлері өртке оранып, баспанасыз қалды. Бүгінде тілсіз жаудан жапа шеккен жанұя жатақханада тұрып жатыр. Уақытша баспанамен отбасын әкімдік қамтыпты.

Рамзия Еникеева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Біз жатақханада тұрғанда жылу әні, міне береді деп күттік. Бірақ жылу берілмеді. Әкімдіктегілер келіп біздің өтірік айтпағанымызға көздерін жеткізді. Батарейлердің бәрі суық, пәтер де суық. Терезелерден уілдеп тұр, балалардың барлығы суықтап ауырып қалды. Бізде бес бала бар. Осындағы жиһаздың барлығы біздікі емес, өртеніп кетті».

Еникеевтер отбасына қолдау көрсететін туыстары жоқ. Отағасы Александр Шишкин балалар үйінде өскен. Туыстарымен қарым — қатынасын үзгені қашан. Өртке дейін Рамзияның анасымен тұрып келген. Алайда, айтуларынша өрттен кейін ол туған қызы мен немерелеріне көмектесуден бас тартыпты. Баспана Рамзияның атына рәсімделмегендіктен, оны қалпына келтіруге еш мүмкіндіктері жоқ.

Александр Шишкин,  Шымкент қаласының тұрғыны: «Отбасында жалғыз жұмыс істеймін. Мен қолымнан келгенінше үйімізді абаттандыруға тырыстым, алайда енем мен оның ағасы тарапынан көралмаушылық болды. Біз артық бір нәрсе алатын болсақ, үйде міндетті тұрде ұрыс басталады».

Бұл жағдайдан күнәсіз балалар зардап шегуде. Аязда жылы киімдері де жоқтың қасы. Барлық балалар сияқты жаңа жыл қарсаңында олар да ойыншық, сматрфон мен тәттілерді армандайды.

Ислам Еникеев, үлкен ұлы: «Жақсы ұялы телефон және оқу үлгерімім жақсы болса деп армандаймын».

Жергілікті әкімдіктегілер пәтерде жылу жоқ екенін білмедік дейді. Және жақын арада жылудың мәселесі шешілетін болады деп сендірді.

Бауыржан Қалмұратов, Абай ауданы әкімдігінің бас маманы: «Жатақханада жылу бар. Осындағы екі тозығы жеткен құбыр тірегіші жылу қабылдамайды. Әбден ескірген. Отбасының жылусыз отырғанын енді  білдік. Қазіргі таңда «Қуатжылуорталығы-3″ мекемесімен бірігіп, құбырларды ауыстырып береміз. Жатақханада күрделі жөндеу келер жылы жоспарланған».

Отағасы шатырларды жөндеуші болып жұмыс істейді. Жалақысы азын аулақ, азық-түлікке әрең жетеді,- дейді үй шаруасындағы Рамзия. Көпбалалы отбасы жомарт азаматтардың қолдауын күтеді. «Жиһаз, жылы киімдер және дәрі дәрмектер артық етпейді. Көмекке зәруміз»,- дейді ана.

РЕКВИЗИТТЕРІ
SBERBANK:
4263 4333 4532 6661 — ALEXANDR SHISHKIN (Рамзия Еникееваның жолдасы)
KASPI.KZ
8-705-860-75-73 — ИРИНА Ш. (Рамзия Еникееваның құрбысы)
Байланыс телефоны :
8-775-316-99-21 — Рамзия Еникеева