Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде.
Жетінші желтоқсанан басталған спорттық доданың алғашқы күнінен -ақ, ел қоржынына алтын медаль түсті . Аталған шарада жұлқа және серпе көтеруден үздік өнер көрсеткен, шымкенттік спортшы Арли Чонтей 55 келі салмақта сынға түсті. Ол ақтық кезеңде Тайландтық және Болгариялық қарсыластарын басып озып, әлем чемпионы атанды.
Бұл шара 17 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Айта кетейік, Отандық спортшы, 2018 жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында да жеңімпаз атанған еді.
Аида Қарсыбайқызы